Ақпарат
«Қазаэронавигация» РМК-да персоналды оқыту ИКАО халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, персоналдың біліктілігін қажетті деңгейде қалыптастыру және қолдау мақсатында жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта оқытуды EASA стандарттарына сәйкес келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2016 жылдың мамыр айында Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында ICAO «FlyTogether, NoCountryLeftBehind» ұранымен Халықаралық симпозиум өткізді. Симпозиумда «Қазаэронавигация» РМК-ға ICAO TRAINAIR PLUS (FullMember) бағдарламасының тең құқылы қатысушысы сертификаты мен атаулы белгісі тапсырылды.
Кәсіпорын қызметкерлерді меншікті қаражаты есебінен оқытады, өйткені персоналды оқытуға кететін шығындар кәсіпорынның адам ресурстарын дамытуға деген ұзақмерзімді инвестициялары.
Әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын жоспарлау, аэронавигациялық ақпаратты басқару, ұшу қауіпсіздігін басқару, радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану, метеорологиялық қызметтердің персоналын оқыту мынадай төрт негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:
- бастапқы даярлау;
- қайта даярлау;
- кәсіби деңгейін қолдау курсы;
- тренингтер мен семинарлар.
Оқыту бойынша үдерістердің айтарлықтай бөлігін кәсіпорын Алматы қаласындағы Кәсіби дайындау орталығында жеке базасында жүргізеді. Кәсіби дайындау орталығында компьютер сыныптары жұмыс істейді және ИКАО стандарттары бойынша халықаралық оқыту әдістері енгізілуде. Біздің алаңда авиация саласындағы жетекші сарапшыларды тарта отырып, халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен мәжілістер өткізіліп отырады.