Өтініш беру

«Үміткер дұрыс мәліметтер беруге жауапты. Жалған мәліметтер ұсынған жағдайда, үміткер әрі қарай тестілеуге жіберілмейді, комиссияға тапсырылған құжаттар қайтарылмайды.»

Жеке тұлғаның дербес деректерін жинау және өңдеуге келісім

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі бірлесіп – Заң) сәйкес,

мен «Қазаэронавигация» РМК-ға және Үшінші тұлғаларға, яғни қазіргі уақытта  және келешекте де менің (мен туралы) Дербес деректерімді Жинау, Өңдеу және Қорғау туралы жағдайлар немесе құқықтық қатынастар бойынша «Қазаэронавигация» РМК-мен байланысы бар тұлғаларға осы келісімде және ақпарат көздерінде, оның ішінде «Қазэронавигация» РМК-ның пікірінше ортақ қолданыстағы ақпарат көздерінде регламенттелген мақсаттарда заңнамаға қайшы келмейтін тәсілдермен «Қазаэронавигация» РМК-да қолданыстағы немесе келешекте туындайтын шарттық және өзге де азаматтық-құқықтық қатынастарға байланысты  менің төмендегі (мен туралы) Дербес деректерімді, сондай-ақ электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасығышта тіркелген, оларға келешекте енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды Жинауға, Өңдеуге және Трансшекаралық беруге келісім беремін, төмендегілерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей:

  1. шарттық және (немесе) өзге де азаматтық-құқықтық қатынастар туындаған кезде, сондай-ақ осындайларды орындау барысында өзара іс-қимылды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер, сондай-ақ  көрсетілген мәліметтерді: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда); азаматтығы; жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), жеке куәлік деректері; туған күні мен жері; бірге тұратын адамдар туралы мәліметтер; әлеуметтік жеңілдіктер мен әлеуметтік мәртебе туралы деректер; әлеуметтік қолдау шаралары туралы деректер; портреттік бейне (фотосурет); жынысы; ұлты; қолтаңбасы; білімі туралы мәліметтер, жұмыс тәжірибесі және т.с.с. растайтын құжаттар мен құжаттардың көшірмелері;  
  2. байланысты қолдау мәліметтері, көрсетілген мәліметтерді: тұрғылықты жері туралы деректер; тіркелген жерінің мекенжайы туралы деректер; байланыс ақпараты (телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы және т.б.) растайтын құжаттар мен құжаттардың көшірмелері; Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңға сәйкестігін растайтын құжаттар және т.с.с.;
  3. дербес деректер субъектісінің қалауы бойынша ол «Қазаэронавигация» РМК танысуға тиіс деп есептейтін өзге де мәліметтер.

Мен мыналарды растаймын:

  1. Осы келісім Қазақстан Республикасының заңнамаларымен «Қазаэронавигация» РМК-ға жүктелген құқықтар мен міндеттерді оның тиісті түрде орындалуы үшін қажетті «Қазаэронавигация» РМК барлық қатынастарына, оның ішінде қолданыстағы және (немесе) осы келісімді қолдану кезінде туындайтын, сондай-ақ келешекте туындайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген мерзімде аяқталғаннан кейінгі қатынастарға қатысты қолданылады.
  2. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), байланыс ақпаратынан (телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұрғылықты және тіркелген жерінің мекенжайы), портреттік бейнесінен (фотосурет) тұратын дербес деректері қолжетімді, яғни еркін қарауға болатын ақпаратқа жатады;
  3. «Қазаэронавигация» РМК-ның Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген жағдайда Субъектінің келісімінсіз Жеке деректерді Жинауға, Өңдеуге және Трансшекаралық беруге құқығы бар;
  4. «Қазаэронавигация» РМК Заң талаптарын және (немесе) осы келісімде қол жеткізілген талаптарды сақтаған жағдайда, бұдан әрі менің (мен туралы) Дербес деректерімді Жинауға, Өңдеуге және Трансшекаралық беруге қатысты «Қазаэронавигация» РМК-ға қандай да бір қарсылық білдірмеймін;
  5. Осы келісімнің мақсаты үшін бас әріппен жазылған сөздер мен сөйлемдер Заңмен регламенттелген мәнге және (немесе) айқындамаларға ие.
  6. Мен осы келісімнің мәтінін оқыдым, толықтырулар, ескертулер мен қарсылықтар жоқ.
Жалғастыру