Жалпы ақпарат

«Қазаэронавигация» РМК саясаты әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерін өзінің Кәсіби дайындау орталығы (Алматы қаласы) базасында, сондай-ақ шетелдік авиациялық оқу орталықтары базасында да даярлауға мүмкіндік береді:

- ENAC (Тулуза қаласы, Франция);

- Global ATS АОО (Челтнем қаласы, Ұлыбритания);

- Рига аэронавигация институты (Рига қаласы, Латвия);

- Fly Level АОО (Бухарест қаласы, Румыния).

Егер Сіз әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері мамандығын меңгергіңіз келсе, Сіздің міндетті түрде төмендегідей қырларыңыз бен қабілеттеріңіз болуға тиіс:

  • әуе кеңістігіндегі объектіні жақсы елестете алу және хабардар болу;
  • кеңінен ойлау және кеңістікте әуе кемелерінің қозғалысын елестете білу;
  • ағылшын тілін жетік білу;
  • қажетті цифрлардың саны мен сөздерді есте сақтау;
  • стрестік жағдайларда сабырлық сақтау және өзіне-өзі сенімді бола білу; 
  • ұшу қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілікті сезіну;
  • жағдайды талдай білу және белгіленген ережелерді ұтымды пайдалану.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері үлкен көлемдегі хабарламалардан қажетті ақпаратты таңдау, сондай-ақ әуе кеңістігінде ұшақтардың орналасуын дұрыс елестетуге мүмкіндік беретін кеңінен ойлау қабілетіне ие болуға тиіс және ұшу кезінде белгіленген уақыттан кейінгі олардың жағдайын болжай білуі қажет.

 

Диспетчердің жұмысындағы ең басты фактор оның денсаулық жағдайы. 

Кәсіби қызметін атқару кезінде әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің денсаулығын авиациялық медицина саласындағы біліктілігі жоғары мамандар мұқият қадағалап отырады. Диспетчерлер үнемі медициналық комиссияны, сондай-ақ кезекшілікке түсер алдында медициналық тексеруден өтіп отырады.

 

Жеңілдіктер мен кепілдіктер.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері мамандығы ауыр және өте жауапты, бірақ оның айтарлықтай тартымды жақтары бар. Диспетчердің еңбегіне лайықты  ақы төленеді және әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктердің толық топтамасымен қорғалады.