Мамандық туралы

Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері дегеніміз – әуе кемелерінің  көкке көтерілер алдында қозғалтқышы іске қосылған сәттен бастап, ұшып бару әуеайлағына қонғанға дейінгі қауіпсіз, ретке келтірілген және үнемді қозғалысын бақылайтын және қамтамасыз ететін маман.  

Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері әуе кемесінің әуеайлақта белгіленген маршрутпен және бұдан әрі бақыланатын әуе кеңістігіндегі өз жауапкершілігі аймағымен  қозғалуын басқарады, содан кейін оны басқаруды басқа аймақтың әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлеріне береді. 

Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері өз функциясын сәтті орындау үшін ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттар, әуе кемелерінің, әуе навигациясының ұшу-техникалық сипаттамалары, авиациялық метеорология, ағылшын тілі, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және т.б. білімін қолданады.

 

Құрметті үміткерлер!

Кәсіби бағдар беру мақсатында өтініш бермес бұрын кішігірім тесттен өтуді ұсынамыз. Ұсынылатын ойын түріндегі компьютерлік тест іріктеуге негіз болмайды, бірақ Сізге әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің жұмысы туралы көп мағлұмат беріп, маңызды шешім қабылдауға көмектеседі:

ойын түріндегі компьютерлік тестке ауысуға арналған сілтеме