2017 жылғы 09-11 қазан аралығында астана қаласында икао-ның авиациялық даярлау және trainair plus жөніндегі өңірлік симпозиумы өтеді
03.10.2017 құрылған
2017 жылғы 09-11 қазан аралығында Астана қаласында ИКАО-ның Авиациялық даярлау және TRAINAIR PLUS жөніндегі өңірлік симпозиумы өтеді. Оған 70-тен астам елден саланың 300-ден астам ірі өкілі қатысады деп күтілуде.
Симпозиумның мақсаты – қатысушыларға адам ресурстарының дамуын жетілдіру мен жоспарлауды қоса, авиациялық кадрларды даярлау саласындағы озық тәжірибемен және жаңа әдістемелермен алмасатын өңірлік алаң ұсыну.
Симпозиум аясында мынадай тақырыптар қарастырылатын болады: тиімді оқу технологияларын пайдалану, инновацияларды зерделеу және авиациялық даярлау саласындағы жаңалықтарды зерделеу және тиімді әрі ұтымды шешімдер енгізу. Бұл іс-шара TRAINAIR PLUS-тің жаңа бағдарламаларын зерделеуге, іскерлік байланыстарды дамыту және авиациялық персоналды оқыту саласында жаңа идеяларды талқылау үшін әлемнің алдыңғы қатарлы авиациялық оқу орталықтарының өкілдерімен кездесу үшін зор мүмкіндік.